×

Полиция Алматыдағы автобустардың жол апатына қатысты мән-жайды айтты

Соқтығысудан кейін қозғалысын жалғастырып, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен

Полиция Алматыдағы автобустардың жол апатына қатысты мән-жайды айтты
zaкon.kz

Алматы қаласының полиция департаменті өкілдері автобустардың соқтығысуына қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz- ке сілтеме жасап.

Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы дерегін тексеріп жатқан Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасы мәліметінше, ЖКО сызбасына және бейнебақылау жүйелерінің талдауына сәйкес, бүгін 14:05-те жеке тасымалдаушылардың біріне тиесілі "МАЗ-203069" қоғамдық көлігінің жүргізушісі 1987 жылы туған А.есімді ер адам, Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Төле би даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кетіп, Төле би даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан "GOLDEN DRAGON XML6125CN" маркалы қоғамдық көлікпен соқтығысқан.

Оны 1963 жылы туған А. есімді ер адам басқарған. Соқтығысудан кейін 98-ші бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісі қозғалысын жалғастырып, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі - 37 жастағы ер адам оқиға орнында қаза болды.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →