×

Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Ұсталған адам істеген әрекетін мойындады

Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікті ұсталды
Ашық дереккөздерден

ІІМ мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы редакциялар мен БАҚ өкілдеріне жасалған шабуылдар дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Журналистерге жасалған шабуылдарды ұйымдастырушы және бастамашы Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич екені анықталды. Ол ұсталды және соттың рұқсатымен қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 115-ші «Қауіп-қатер», 147-ші «Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу», 158-ші «Журналистік қызметке кедергі жасау», 202-ші «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» және 293-ші «Бұзақылық» баптарымен қарастырылған айыптар тағылды. Ұсталған адам істеген әрекетін мойындады.

 Жауап алу барысында барлық шабуылдарды өз бетінше ұйымдастырғанын, өйткені жеке себептер мен бірқатар қазақстандық танымал БАҚ өкілдеріне бұрынғы талаптарының болғанын мәлімдеді. Клебанов-Маневич құқыққа қайшы жоспарларын іске асыру үшін хакерлер тобы мен акцияларды орындаушыларды жалдаған. Арандату мақсаттары мен нұсқаларын өз бетінше таңдаған. Орындаушыларға берілетін қаражатты криптовалюта операциясынан түскен пайда есебінен төлеп отырған.

Тергеу жалғасуда, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →