×

250 салымшысын құр алақан қалдырған «Buyers Union» қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты

Әр салымшы ай сайын 30 мың теңге және сатып алынатын мүліктің құнынан 10%-дық жарна төлеп отырған

250 салымшысын құр алақан қалдырған «Buyers Union» қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты
Сурет: Бейнеден кадр

Тұтынушылық кооператив ретінде жасырылған «Buyers Union» қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“2025 жылғы 26 ақпан күні Қаржылық мониторинг агенттігі кең ауқымды операция жүргізіп, тұтынушылық кооператив ретінде жасырылған «Buyers Union» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Салымшыларды жылжымайтын мүлік, көлік сатып алуға және Trade in және ReFinance бағдарламаларына қатысып инвестиция салуға үгіттеген. Сонымен қатар, кооператив жеке тұлғалардың қаражатын тартудан дивидендтер алу мүмкіндігімен менеджер болып жұмыс істеуге мүмкіндік берген. Кооперативке қатысудың міндетті шарттарының бірі өмірді сақтандыру үшін ай сайын 30 мың теңге төлеу және сатып алынатын мүліктің құнынан 10%-дық жарна төлеу болған. Маңыздысы, кооператив салымшыларға ақша алғаны туралы ешқандай құжаттарды ұсынбаған, ал салым сомасы тек пайдаланушылардың жеке кабинетінде көрсетілген. Нәтижесінде, пирамидаға 250-ден астам салымшы тартылып, 300 млн теңгеден астам қаражат салған”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Қазіргі таңда қаржы пирамидасын ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Еске сала кетейік,  қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →