×

Түркиядағы жер сілкінісі: бір айдан кейін үйінді астынан ит пен жылқы тірі табылды

Үй қирандыларының астынан Алекс есімді сібір хаскиін алып шықты

Түркиядағы жер сілкінісі: бір айдан кейін үйінді астынан ит пен жылқы тірі табылды
Видеодан кадр

Түркияда 6 ақпандағы жер сілкінісінен 25 күн өткеннен кейін үйінді астынан ит тірі шығарылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Жануар Хатай провинциясының Антакия аймағында қоқыс тазалап жатқан ғимараттың қирандыларының астынан табылған. Ит тұрып қалған кеңістікте оның аман қалуына көмектескен тамақ болған. Ит ветеринарлық бақылауға жіберілді.

Осыған дейін құтқарушылар Антакиядағы үй қирандыларының астынан Алекс есімді сібір хаскиін алып шыққан болатын. Ит үйінді астында 23 күн тамақсыз, сусыз жатқан.

Құтқару тобы екі қабатты ғимараттың қирандыларынан тірі жанның дыбысын жазып жатқанда иттің дыбысын естіген. Кейін кішкентай тесіктен иттің мұрнын көрген. Итті босатуға екі сағат кеткен.

"Алекстің осы шұңқырда 23 күн бойы ішіп-жемсіз жатуы, аман қалуы шынымен керемет жағдай", - дейді еріктілердің бірі.

Ал Адияман қаласында жер сілкінісінен 21 күн өткен соң құлаған ғимарат қирандыларының астынан тірі, сау жылқы табылған. Әлеуметтік желі қолданушылары жылқы үш апта қалай сусыз өмір сүрді деп таңғалғандарын жасырмады. Жер сілкінісінен кейін қалада жауған жаңбыр жануарды аман алып қалуы мүмкін деген нұсқа бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты
Кеше, 19:47

«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты

Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →