×

Еgov.kz порталы неге істемей қалғаны белгілі болды

Бүгін елімізде Egov порталы жұмыс істемей қалды

Еgov.kz порталы неге істемей қалғаны белгілі болды

1 сәуірде балаларды мектепке қабылдауға өтініш беретін күні egov.kz порталы істемей қалды, Qaz365.kz.

«Портал қазір қолжетімсіз, біз оны қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!» – делінген порталдың хабарламасында.

1 сәуір – мектепке 1 сыныпқа қабылдауға өтініш беретін күн. Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 2024 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүргізіледі. Ата-аналар балаларының құжаттарын электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. 

Сондай-ақ қолайсыз жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметінің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау қызметі бүгін, яғни, 1 сәуірде сағат 15:00-ден бастап қолжетімді болатынын хабарлады.

«Құрметті пайдаланушылар! 1сыныпқа арналған құжаттарды қабылдау қызметі 1 сәуірде сағат 15:00-ден бастап eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болатынын хабарлайды», - делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →