×

Темірлан Еңсебек ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Сот отырысы Наурызбай ауданында өтетін болды

Темірлан Еңсебек ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Сурет: Qaznews24

Темірлан Еңсебек ісі бойынша сот отырысы 9 сәуірде өтетін болды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Темірлан Еңсебектің адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады.

“Сот отырысы офлайн форматта өтеді. Сот 9 сәуірде 11:00-де басталады”, – делінген адвокат жазбасында.

Бірінші сот отырысында прокурор Айнаш Жуаспаева сотты Наурызбай ауданында өткізуді сұраған. Судья ұсынысты қабылдаған. Осы себепке байланысты сот отырысы «Шұғыла» шағын ауданы 347/1 мекенжайындағы Наурызбай ауданындағы сотта өтетін болды. Темірлан Еңсебек ісі бойынша сот отырысы аз уақыт қалғанда бірнеше рет кейінге шегерілген.

Естеріңізге сала кетейік, Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебек 17 қаңтарда ұсталған еді.  Кеше оның үйіне тінту жүргізілген. Осыдан кейін Алматы қаласының полиция депарламенті «желіде ұлтаралық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын» хабарлады. 

Qaznews24 паблигі сатиралық саяси әзілдерімен танымал. 57,8 мың оқырманы бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →