×

Шафкат Рахмонов шаршы алаңда тұрып қазақ тілінде сұхбат берді - видео

Сұхбат соңында Шафкат келесі кездесуіне шығатын қарсыласын таңдап, жекпе-жекке шақырды.

Шафкат Рахмонов шаршы алаңда тұрып қазақ тілінде сұхбат берді - видео
Ашық дереккөздерден

Жеңісті жекпе-жектен кейін Шафкат Рахмонов Лас-Вегастың шаршы алаңында тұрып, қазақ тілінде сұхбат берді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

- Тамаша жекпе-жек! 17-ші жеңісіңмен құттықтаймын! Бәрінде де мерзімінен бұрын жеңіске жеттің. Бұл жеңісіңмен сен ТОП-Президент боласың.

- Ассалаумағалейкүм! Бұл жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Алла Тағалаға мың да бір рахмет! Осынша жерге келіп, еліміздің көк Туын көтеріп, жауынгерлерді қуантып жатқаныма. Әрине, титулға жетуіме көп қалған жоқ, бір-екі кездесу қалған шығар. Мен дәл қазір де жекпе-жекке шығуға дайынмын.

- Бұл Джефф Нил үшін қиын кездесу болды. Ол сені тексеріп көргісі келді. Сен үшін қиын болды ма? Джефф Нилдің соққылары саған дарыды ма?

- Әрине, Джефф Нил – мықты қарсылас. Бұған дейін оның ешкім жеңген жоқ. Бірінші рет мен жеңіп тұрмын. Өте қуаныштымын. Негізі салмағы ауырлау болды. Күрескен кезде де салмағы білінді ғой, 2 кг қумаған еді. Негізі бұл кездесуден бас тартуыма да болатын еді. Бірақ мен оны қабылдадым. Құдайға шүкір!

- Құтты болсын! Келесі жолы біз сені титул үшін жекпе-жектен немесе топ-қарсыласпен кездесуден көрейік.

Сұхбат соңында Шафкат келесі кездесуіне шығатын қарсыласын таңдап, жекпе-жекке шақырды.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →