×

Бір қазақ жігітінің аяғы, тағы бір қыздың шашы күйді – Таиландтағы катерде зардап шегуші

Бір қазақ жігітінің аяғы, тағы бір қыздың шашы күйді – Таиландтағы катерде зардап шегуші
видеодан кадр

Таиландтың Пхукет аралында өртенген катерде болған Қазақстан азаматы Думан Байкен осы оқиғаның мән-жайын айтып берді, Qaz365.kz.

Бізде қорқыныншты жағдай болды. Бүгін 12 турлық аралға баратын тур алғанбыз. Сақтандырулары бәрі бар дейді. Бір өкінішті жері біздің құжаттарымыз жанып кетті. Менің телефоным біраз заттарымыз  өртенді. Білетін азаматтарға көмектесулеріңізді сұраймын. Әр қазағым жалғызым дейді ғой. Өмірімде бұндай болады деп ойлаған жоқпын. Осындай болып қалды. Өте қорқынышты болды. Бірінші сәуір ешкімге сенбе, күлкі күні дейді ғой. Бізде күлетін жағдай емес. Ең бастысы аманбыз – дейді Думан Байкен.

Ол сондай-ақ Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында яхтада техникалық ақау бар екенін алдын ала сездік деп отыр. Себебі жолға шыққан кезде, 10 минуттан кейін бензин исі сезіліп, яхтаның бір қозғалтқышы істен шыққан.

Екінші қозғалтқышымен әрең дегенде жақында тұрған аралға жеттік. Экипаж мүшелері қайықты жөндеуге кірісті. Ал жолаушылардың кейбірі жағалауда болса, кейбірі суда болды. Сол кезде мен де яхтаның жанында суда жүзіп жүрген едім. 20 минуттан соң киімімді ауыстыру үшін яхтаға көтеріліп келе жатқанда жарылыс болды, – деді Байкен.

Оның айтуынша, өрт кезінде ол суға секіріп, әйелімен бірге жағалауға шыққан. Жарылыс салдарынан қолы күйіп қалған. Жарты сағаттан кейін туристерді құтқарушылар алып кеткен. Яхтада шамамен 37 адам боса, оның төртеуі - Қазақстан азаматы.

Бұл жерде полиция мен аурухана қызметкерлері жақсы қабылдап, күтім жасады, алғашқы көмегін ұсынды. Ал волонтерлер бізге тез арада киім жеткізіп, тамақтандырды. Яхтада Қазақстаннан 4 адам болдық, екеуі Алматыдан. Алматылық жігіттің аяғын күйік шалды, ал қыздың шашы күйіп қалды. Ертең госпитальге тағы барамыз. Осы елдегі Консул бізбен байланысқа шықты, қазір біз орналасқан қонақ үйге келеді, - дейді зардап шегуші.

Оның сөзіне қарағанда, яхтадағы заттары мен құжаттары өртеніп кеткен. Консулдық құжаттарды даярлауға көмектеседі.

Біз осында 30 наурызда келдік. Демалысымыз 7 сәуірге дейін жоспарланған, – дейді Думан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Темірлан Еңсебек ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Кеше, 12:07

Темірлан Еңсебек ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Сот отырысы Наурызбай ауданында өтетін болды
Қардың қалыңдығы 30 см-ге жеткен
Бүгін елімізде Egov порталы жұмыс істемей қалды
Акцияның қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1-11 сәуір аралығында жалғасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →