×

"Бәрін сатамын!": Ақтөбеде трансформаторларды ұрлаған күдікті ұсталды

Қылмыстан келтірілген жалпы шығын шамамен 3 миллион теңгені құрап отыр

"Бәрін сатамын!": Ақтөбеде трансформаторларды ұрлаған күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Ақтөбеде 3 трансформаторды ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері үш трансформаторды ұрлады деген күдіктіні ұстады. Тергеу барысында күдікті наурыз айының соңында манипулятор жалдап, үш электр трансформаторын ұрлағаны анықталды. Бір жағдайда ер адам Алға қаласының маңында ұрлық жасаған. Қалған екі жағдайда ол трансформаторларды облыс орталығында салынып жатқан кемпинг пен электр қосалқы станциясының құрылыс алаңынан ұрлаған. Қылмыстан келтірілген жалпы шығын шамамен 3 миллион теңгені құрады. Ұрланған трансформаторларды күдікті сатпақ болған”, – делінген полиция хабарламасында.

Өазір ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция кәсіпкерлерді құрылыс алаңдары мен кәсіпкерлік объектілерінің аумақтарын бейнебақылау камераларымен жарақтандыруға және ұрлықтың алдын алу мақсатында тәулік бойы күзетпен қамтамасыз етуге шақырып отыр. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →