×

«Айтбек Амангелді тарапынан қателіктер болды». Жан Ахмадиев Шерзат Болаттың ісі бойынша тергеуді айтты

Іс қазір Талдықорғанда қаралып жатыр

«Айтбек Амангелді тарапынан қателіктер болды». Жан Ахмадиев Шерзат Болаттың ісі бойынша тергеуді айтты
Qaz365.kz

Талдықорғандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Болаттың ісі бойынша сот басталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Осы ретте қоғам белсендісі, журналист Жан Ахмадиев осы іспен біраз уақыт айналысқан Айтбек Амангелдінің тарапынан қателіктер болғанын айтты.

Тергеу барысына көңіліміз толмайды. Өйткені осыған дейін айналысқан адвокаттар бар. Мысалы, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді. Сол кісінің біраз қателіктері болған секілді. Мұны Шерзаттың отбасының өзі айтып отыр. Тіпті, іс барысымен жақындарын таныстырмаған, - дейді Жан Ахмадиев.

Ол қылмыс Алматы облысында болғандықтан, сот Қонаевта өту керек еді деп отыр. Бірақ қазір Талдықорғанда қаралып жатыр.

Тоғыз ғана күдікті сот залына жеткізіліп отыр. Олар соттың ашық өткенін қаламайды. Біз Жоғары сотқа Бишімбаев секілді ашық өткізейік ұсыныс тастағанбыз. Бірақ бас тартты. Менің білуімше, күдікті тарап мұны қаламайды, - дейді журналист.

Айта кетейік, Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұған дейін  адвокат Саида Тәуекел мен қоғам белсендісі Айтбек Амангелдіден бас тартқан болатын. Қазіргі кезде бұл іспен Мейірман Шекеев пен Жандос Палманов айналысып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды
11.04.2025ж. 20:25

Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды

"Ұлтаралық алауыздықты қоздырды" деп айыпталған.
Кейбір дақылдар қысқартылып, кейбірінің егіс аумағы ұлғайған
Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды стратегиялық маңызы зор сала деп санайды 
Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →