×

Биыл елімізде қанша аумаққа егін егілетіні белгілі болды

Кейбір дақылдар қысқартылып, кейбірінің егіс аумағы ұлғайған

Биыл елімізде қанша аумаққа егін егілетіні белгілі болды
Сурет: АШМ/Түркістан облысы

 

Биылғы егіс науқанына дайындық және оны өткізу барысы туралы айтылып, нақты қанша аумаққа егін егілетіні белгілі болды,деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы  ОКҚ алаңында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков мәлімдеді.

«Жалпы, дәнді, майлы, көкөніс-бақша дақылдары, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдары 115 мың гектарға қысқартылып, 16,6 млн га құрайды. Бидай алаңы өткен жылмен салыстырғанда 187 мың гектарға қысқарып, 13 млн гектарға орналасады. Майлы дақылдар 378 мың гектарға ұлғайып, 3,3 млн гектар құрайды, оның ішінде күнбағыс алаңы 1,4 млн гектарға жеткізіледі.», –  деді  Ербол Тасжүреков.

Жалпы әкімдіктердің деректері бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 23,7 млн гектар жерге орналастыру жоспарланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан Қытайдан тағы 15 миллиард доллардан асатын инвестиция тартады
02.09.2025ж. 08:22

Қазақстан Қытайдан тағы 15 миллиард доллардан асатын инвестиция тартады

Президенттің Қытайға сапарының қорытындысы бойынша Қазақстанға тағы миллиардтаған инвестиция құйылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →