×

«Біздің қатынға керек еді»: Илон Маск әйеліне қоқыстан матрас іздеп жүр

Бұл ақпаратты әйелінің заңгері жариялаған.

«Біздің қатынға керек еді»: Илон Маск әйеліне қоқыстан матрас іздеп жүр
Фото ашық дереккөзден

АҚШ-та тұрып жатқан қазақ жазушысы  Лира Қоныс  Instagram парақшасында бір қызық жазба жариялады. Ол Илон Масктың әйелінің жағдайын мысал ете отырып, әйелдің қаржылық тәуелсіздігі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға былай:
Масктың әйелі Лос-Анджелестегі Беверли Хиллздегі үйінде сәбиімен отырған көрінеді. Баласы емшектен шықпаған, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ. Дегенмен, жатын бөлмесіндегі ескі, сықырлаған матрасты жаңартуға күйеуі ақша бермепті. Масктың өзі көмекшісіне: «Пәленше, не ғой, біздің қатынға бір матрас керек еді, Беверли Хиллз байлар ауданы ғой, сен қазір көшелерді бойлап қоқысты қарап келші, біреу бүтін матрасын шығарып тастаса, екеуміз түнделетіп барып көтеріп келе салайық», – деген екен. 


Лира Қоныстың сөзінше, бұл ақпаратты әйелінің заңгері жариялаған.


 «Айдаладағы бір байдың ақшасын санап не қыламыз? Менің бір түсінгенім – әйел адам өзі жұмыс істеуі керек, өзіне керек ақшаны өзі табуы керек. Бұл жерде де әйел тәуелді. Сол тәуелділіктен құтылудың жалғыз жолы – әйел жұмыс істеп өзі ақша таба алуы кеерк. Өз Қалауыңа, өз қызығыңа өзің демеуші болудың кайфын сезіну керек», – дейді Лира Қоныс бұл жағдайды қорытындылай келе.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
30.06.2025ж. 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →