×

Қазақстан санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік жасамайды - СІМ

Қазақстанға санкция салу қаупі жайында сұрақ қойылған еді

Қазақстан санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік жасамайды - СІМ
ҚР СІМ

Қазіргі кезде Қазақстандағы ешбір компанияға қайталама санкция салынған жоқ, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған министрлікте өткен брифингте тілшілер шетелдік БАҚ-та Ресей жағы санкцияларды айналып, тыйым салынған технологияларды алып жатқаны туралы мәліметтер жарияланғанын айтты. Осы орайда Қазақстанға санкция салу қаупі жайында сұрақ қойылды.

«Елімізде барлық келісімшарттарды алдын ала зерттейтін мамандар мен сарапшылар бар. Атап айтқанда, Қазақстан санкцияларды айналып өтуі үшін аталған елге тиісті мүмкіндік жасамайды. Қазіргі кезде Қазақстандағы ешбір компанияға қайталама санкция салынбады», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, жақында Bloomberg агенттігі Ресей санкцияларды айналып өту жолымен технологияларды алып жатқаны туралы ақпарат жариялады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды
11.09.2024ж. 22:50

Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды

Оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде белгілі пірадар Иакой Воронцов жариялады
6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев онымен Бұхарада бейресми кездесу өткізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →