×

Астанада "Байтақ" жасылдар партиясының республикалық штабында өрт шықты - видео

Бірнеше қызметкерге аздап ыс тиген

Астанада "Байтақ" жасылдар партиясының республикалық штабында өрт шықты - видео
Видеодан кадр

6 наурыз күні кешке "Байтақ" жасылдар партиясының республикалық штабында өрт шықты. Кеңсе Мәңгілік көшесі, 30 мекенжайындағы бизнес-орталықта орналасқан, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Партия өкілдері өздерінің Instagram парақшасында хабарлағандай, зардап шеккендер жоқ. Өрт орнына бірнеше өрт сөндіру топтары келді. Оқиға туралы хаттама жасау үшін полиция шақырылды. Штабтың барлық қызметкерлері шұғыл түрде эвакуацияланды. Бірнеше қызметкерге аздап ыс тиген.

"Партия мұны ластаушы кәсіпорындардың одан әрі қызметіне тосқауыл қою жөніндегі идеяларын қолдаушылардың белсенділігімен және саяси бәсекелестіктің артуымен байланыстырады", - деп ресми мәлімдеме жасады партия жетекшісі Азаматхан Әміртаев.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады
Бүгін, 13:47

Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Алғашқы жылы Жапониядан Қазақстанға 5–7 мың турист келуі мүмкін.
Қала билігі тұрғындар мен қонақтардан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 21,1%-ға артқан
Танымал эстрада әншілері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →