×

1257 асикмайнер: Астанада бір ауданның электр тогын заңсыз пайдаланған майнерлер ұсталды

Олардың 900 млн теңгеден астам заңсыз иеленген мүлкі тәркіленген

1257 асикмайнер: Астанада бір ауданның электр тогын заңсыз пайдаланған майнерлер ұсталды
Сурет: cabar.asia

Астанада заңсыз майнингпен айналысқан тұлғалардың 900 млн теңгеден астам мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“Астанада 2022 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін майнинг фермасын қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырып, бір мегаполистің тұрғын ауданымен салыстырғанда айлық электр энергиясын тұтынған үш азаматқа қатысты айыптау үкімі шығарылды. Заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер 143 млн теңгеден асады. Тінту барысында 1 257 асикмайнер (цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық), өнеркәсіптік салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық станция алынды. Сот оларды ҚР ҚК 214-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салу жазасын тағайындады. Сот шешімімен мемлекет пайдасына 900 млн теңгеден астам мүлік: 2 көлік («Toyota Camry», «Nissan Juke») және майнинг жабдықтары тәркіленді”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Сонымен қатар, сот қылмыстық табыс мөлшері ретінде 143,2 млн теңгені мемлекетке қайтаруды міндеттеген. Үкім заңды күшіне енген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда А гепатитіне қарсы қытайлық вакцинаны неге қолданады
Кеше, 10:24

Қазақстанда А гепатитіне қарсы қытайлық вакцинаны неге қолданады

А гепатитіне қарсы екпе күнтізбелік жоспарға сай екі жасында егіледі
6 айға созылатын көрмеге 28 миллион қонақты қабылдау жоспарланған
"Ұлтаралық алауыздықты қоздырды" деп айыпталған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →