×

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Күдікті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің төменгі аяқ тұсына үш рет оқ атып, ауыр жарақат келтірген.

Берденов Руслан Арысбекұлы «оң жамбас және иық тұсынан оқ жарақатын алған» деген алдын ала диагнозбен ауруханаға жеткізілді.

Дереккөздердің мәліметінше, шамамен сағат 20:30-да Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында 1994 жылы туған азамат Ж.Е. "Сайга-12" маркалы қарудан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің аяқ-қолының төменгі бөлігіне қарай үш рет оқ атқан.
Жарақат алған Руслан Берденов ауруханаға жеткізілді. Алдын ала диагноз – "оң жамбас және иық тұсынан оқ жарақаты".

Полицияның түсініктемесі:

2025 жылғы 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында атыс қаруын қолдану фактісі болды.Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Күдікті ұсталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
Кеше, 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →