×

Анонимді хабарламаларға арналған: Ішкі істер министрлігі арнайы байланыс нөмірлерін жариялады

Полиция ел азаматтары мен ата-аналарға үндеу жасады

Анонимді хабарламаларға арналған: Ішкі істер министрлігі арнайы байланыс нөмірлерін жариялады
Сурет: ашық дереккөзден

ІІМ есірткі қылмыстары туралы анонимді хабарламаларға арналған телефондарды жариялап,  азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Құрметті азаматтар! Жаңа түрдегі есірткі қауіптерінің тез таралуы мен жастарды заңсыз есірткі айналымына тартуда цифрлық арналардың қолданылуына байланысты біз қоғам ретінде балаларымызды, жақындарымызды және еліміздің болашағын қорғау үшін күшімізді біріктіруіміз қажет. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі қылмыстарын, әсіресе кәмелетке толмағандарды тарту жағдайларын анықтау, жолын кесу және алдын алу бағытында бар күш-жігерін салып жұмыс жүргізуде. Алайда бұл мәселені тек құқық қорғау органдарының күшімен шешу мүмкін емес. Сіздерді бейжай қалмауға шақырамыз. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударыңыздар. Заңсыз сату бойынша күдік тудыратын интернет-ресурстарға, граффити мен кодтары бар жарнамаларға мән беріңіздер. Біз әр өңір бойынша кері байланыс үшін телефон нөмірлерін қалдырамыз. Сіз маңызды ақпаратты анонимді және қауіпсіз түрде хабарлай аласыз. Бұл қылмыстың алдын алып, біреудің өмірін құтқаруға көмектесуі мүмкін. Кәмелетке толмағандарды есірткі ортасына тартуды азайту — бәрімізге ортақ міндет. Бейжай қалмай, белсенділік танытқан әр азаматқа алғыс білдіреміз, –  деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →