×

Шекара кеңістігінде 3 565 шетелдік азамат жауапқа тартылды

Соңғы айда шекарада ҚР заңнамасын бұзған 4 323 адам анықталған

Шекара кеңістігінде 3 565 шетелдік азамат жауапқа тартылды
Сурет: ҚР ҰҚК

2025-жылдың сәуір айында еліміздің шекара кеңістігінде 3 565 шетелдік азамат жауапқа тартылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл тура ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы сәуірде шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 4 323 бұзушы, оның ішінде 3 565 шетелдік азамат жауапқа тартылды.Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1 455 фактісінің алды алынды, оның ішінде:

 

  • 37 факті – есірткі заттары;
  • 92 факті – қарулар мен оқ-дәрілер;
  •  357 факті – жанар-жағармай материалдары;
  •  793 факті – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
  •  176 факті – жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Сондай-ақ, Каспий акваториясында 90 браконьерлік фактінің алды алынды және Қызыл кітапқа енгізілген 617 дана бекіре тұқымдас балық, тоғыз бас каспий итбалығы табиғи мекендеу ортасына жіберілген. Заңсыз балық аулар құралдары алынған:

  • 41 дана – жүзу құралдары;
  • 118 км – торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
  • алды алынған залал сомасы 1 млрд 900 млн теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілген.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Басқарма құрамында барлығы сегіз адам бар.
Облыс орталығында жаңа «Достық үйі» салынады  
Соңғы жылдары қала тұрғындарының спортқа деген ықыласы артып келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →