×

«ҚазМұнайГаз» басшылығы 705 млн теңгеден астам сыйақы алған

Басқарма құрамында барлығы сегіз адам бар.

«ҚазМұнайГаз» басшылығы 705 млн теңгеден астам сыйақы алған
kmg.kz

2024 жылы «ҚазМұнайГаздың» ұлттық компаниясының директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері 705 миллион теңгеден астам сыйақы алған, деп хабарлайды qaz365.kz.

ҚМГ-нің қаржылық есебіне сәйкес, былтыр директорлар кеңесінің мүшелері 207,2 млн теңге табыс тапқан. Олар шетел валютасында (доллармен) ешқандай төлем алмаған. Салыстыру үшін айтсақ: 2023 жылы директорлар 97,2 млн теңге мен 196,3 мың АҚШ долларын алған.

ҚМГ директорлар кеңесінің құрамында «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері Ернат Бердіғұлов, Ұзақбай Қарабалин, Елжас Отыншиев, сондай-ақ Асхат Хасенов, Асқар Шәкіров, Сая Мыңшәріпова, Арман Арғынғазин, Арманбай Жұбаев және Ұлыбритания азаматы Филип Малкольм Холланд бар.

2024 жылы ҚМГ басқарма мүшелеріне, жалақы мен бонустарды қоса алғанда, 497 млн 815 мың теңге төленген. Мұның ішінде салықтар мен зейнетақы жарналары да есептелген. Компания басқармасының төрағасы — Асхат Хасенов. Басқарма құрамында барлығы сегіз адам бар.

2023 жылмен салыстырғанда ҚМГ басқарма мүшелерінің жалпы сыйақысы 28 пайыз өскен. Ал директорлар кеңесі мүшелеріне төлемдер 10,9 пайыз артқан (2023 жылғы доллардың орташа бағамы — 456,31 теңге). Шамамен есептегенде, әрбір директор айына 1,9 млн теңгеден астам, ал әрбір басқарма мүшесі 5,1 млн теңгеден жоғары табыс тапқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы айда шекарада ҚР заңнамасын бұзған 4 323 адам анықталған
Облыс орталығында жаңа «Достық үйі» салынады  
Соңғы жылдары қала тұрғындарының спортқа деген ықыласы артып келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →