×

Руслан Берденовке жасалған шабуыл: қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалған

Ол әлі де дәрігерлер бақылауында. 

Руслан Берденовке жасалған шабуыл: қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалған
Шымкент қалалық әкімдігі

Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әкім орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықты тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүріп жатыр, деп хабарлайды qaz365.kz.

Олар:

- ҚК 24-бабы 3-бөлігі — Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа оқталу деп танылады.

- ҚК 99-бабы 2-бөлігі 6-тармағы — басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кісі өлтіруге оқталу.

Аталған қылмыстар үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жаза мүлікті тәркілеумен немесе тәркілеусіз сот шешімімен тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуір күні кешке Бенденовке үш рет оқ атылды. Күдікті ұсталған. Әкім орынбасарына шұғыл түрде операция жасалып, ол әлі де дәрігерлер бақылауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада азаматтық форум өтті
26.09.2025ж. 21:32

Қызылордада азаматтық форум өтті

Аймақ басшысы азаматтық сектор халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ортақ алаң екенін айтты.
Әкімдік LRT-ны бірінші тоқсанның соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр
Ақорда кадрлық ауыс-түйістің жалғасып жатқанын хабарлайды
СІМ басшылығына Ермек Көшербаев келді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →