×

Қытайда 10 минут бойы алманың үлкендігіндей бұршақ жауды

Оқиға Сычуань провинциясындағы Цинчуань уездінде болған

Қытайда 10 минут бойы алманың үлкендігіндей бұршақ жауды
Фото: instagram.com/uralskgorod

Қытайда алманың үлкендігіндей бұршақ жауып, жүздеген үй, көліктер мен егінге орасан зақым келген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға Сычуань провинциясындағы Цинчуань уездінде болды. Төпелеп жауған жауынның арты бұршаққа айналып 10 минут бойы тоқтаусыз жауған.

“Жергілікті жерде төтенше жағдайдың қызғылт сары деңгейі жарияланды. Жұдырықтай түйіршік мұздар үйлердің шатырын шұрық тесік етіп, жүздеген көліктердің терезесі қирады. Адам өлімі тіркелген жоқ. Бірақ жарақат алғандар бар. Жұрт қыруар шығынға батты. Әсіресе ауыл шаруашылығына орасан зияны тиген. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр”, – делінген жергілікті әкімшілік басқару қызметі хабарламасында.

Метеорологиялық қызмет мұндай жағдай кейінгі 10 жылда болмағанын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →