×

Айына 50 мың қап: Павлодарда сотталғандар биг-бэг қаптарын өндіреді

Өндіріс орны Павлодардағы №46 түзету мекемесінде ашылып отыр

Айына 50 мың қап: Павлодарда сотталғандар биг-бэг қаптарын өндіреді
Сурет: flagma.kz

Павлодарда сотталғандар биг-бэг қаптарын өндіретін өндіріс орны ашылды, деп хабарлайды qaz365.kz.

Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы мәлімдеді. 

«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Павлодар облысының прокуратурасы сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу бойынша белсенді шаралар қабылдап келеді.
Осы мақсатта №46 түзету мекемесінде биг-бэг қаптарын өндіру өндірісі іске қосылды.Атап айтқанда, облыс прокуратурасының үйлестіруімен «Еңбек» ШЖҚ РМК «Асыл Арман» ЖШС, «Новопэк» ЖШС және «Тауба» ЖК-мен бірлескен қызмет туралы шарт жасасты. Кәсіпкерлер тарапынан 120 сотталғанға арналған қажетті жабдықтармен жұмыс орындары ұсынылды. Өндірістің жоспарланған көлемі – айына 50 мыңнан астам қап”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған жоба – сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жолындағы маңызды қадам және олардың қалыпты өмірге қайта оралуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →