×

Алматыда көпір астына ерекше бағдаршам орнатылды

Бұл жаңа қозғалысты реттеу тәжірибесінің бір бөлігі болып шықты

Алматыда көпір астына ерекше бағдаршам орнатылды
Сурет: Kris_p_almaty

Алматыдағы көшелердің біріндегі көпір астына ерекше бағдаршамдар орнатылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Қалалық полиция департаменті мәлімдеме жасады.

Алматылықтар «Адем» ауданы маңында көпірдің үстінен ерекше бағдаршамдарды байқап, таңданыстарын жасырмады. Бұл жаңа қозғалысты реттеу тәжірибесінің бір бөлігі болып шықты.

“Бұл бағдаршамдар Солтүстік айналма жолы мен Москвин көшесінің қиылысында солтүстікке қарай бағыт алған жүргізушілердің қауіпсіз түрде бұрылып, оңтүстікке қайтуына мүмкіндік беру үшін орнатылған.Жоба қала тұрғындарының өтінішімен жүзеге асырылып отыр. Мақсаты — көлік кептелістерін азайту және жол-көлік оқиғаларының санын төмендету”, – делінген ПД хабарламасында.

Бұл схема бойынша Алматы қалалық мобильділік басқармасы жұмыс істеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →