×

Семейліктер Астанада өтетін әскери шеруді тамашалауға жиналды

Әскери парадқа қатысуға Абай облысынан 16 адамнан құралған делегация аттанды

Семейліктер Астанада өтетін әскери шеруді тамашалауға жиналды
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

 Семейліктер әскери шеруді тамашалау үшін облыс орталығындағы Арбатқа келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді. Салтанатты шеруді тамашалау үшін семейлік ардагерлер, облыстық мәслихат депуттары, саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері және жастар алаңға қойылған LED-экранның қасына жиналды. 

Айта кетейік, Елордадағы Әскери парадқа қатысуға Абай облысынан 16 адамнан құралған делегация аттанды. Оның ішінде тыл және еңбек ардагерлері бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →