×

Мәжіліс төрағасы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Қаһармандардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды

Мәжіліс төрағасы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Фото: Т.Таныбаев

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шараға Парламент фракциялары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері және  Бауыржан Момышұлы монументі маңына жиналған жұртшылық қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Бауыржан Момышұлы – қазақтың көрнекті жазушысы, Кеңес Одағының Батыры. Ұлы Отан соғысы кезінде генерал-майор Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқан. Кейін полкке, дивизияға қолбасшылық етті. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 1942 жылы Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Бұл награда оған қайтыс болғаннан кейін 1990 жылы берілді.

 

Астанадағы батырға арналған ескерткіш 2008 жылы ашылды. Бұл – Бауыржан Момышұлының туған өңірі Жамбыл облысының елордаға жасаған тартуы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →