×

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті
Ұлытау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жеңістің 80 жылдығына орай алғашқы мерекелік шаралар Ұлытау аймағында таңертең ерте басталды. Іс-шара Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімімен ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Халқымыздың ХХ ғасырда басынан өткерген ең ауыр кезеңдерінің бірі — Екінші дүниежүзілік соғыс. Тарихи деректерге сүйенсек, қан майданға 1,2 миллион қазақстандық аттанып, оның 600 мыңы елге оралмаған. Бүгін – фашизмді жеңіп, адамзатты зұлматтан құтқарған Жеңістің 80 жылдығы. Бұл айтулы дата еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен аталып өтуде.

Атап айтқанда, Жезқазған қаласындағы «Даңқ» аллеясында «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты салтанатты іс-шара өтті. Жиналған жұртшылық алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады. Бұдан кейін қатысушылар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Облыс әкімі Дастан Рыспеков пен зиялы қауым өкілдері Отан үшін жанын қиған боздақтар рухына тағзым етті.

Дастан Рыспеков ардагерлерді мерекемен құттықтап, еңбек майданында көрсеткен ерлігі үшін алғыс білдірді. 

Мемориал аумағында майдан даласындағы жауынгерлердің өмірін бейнелейтін театрландырылған көрініс көрсетіліп, дала асханасы ұйымдастырылды. 

Іс-шара кешкі сағат 19:00-де Алаш алаңында өтетін мерекелік концерттік бағдарламамен жалғаспақ.

Еске салайық, Ұлытау өңірінен 16 мыңға жуық азамат майданға аттанып, оның 10 мыңнан астамы елге оралмаған. Қазіргі таңда өңірдегі 397 тыл еңбеккеріне Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль табысталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысы Жеңістің 80 жылдығын атап өтті
Бүгін, 18:00

Жетісу облысы Жеңістің 80 жылдығын атап өтті

Майданда қаза болған болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды
Соғыс ардагерлеріне Қонаев қаласынан баспана кілті табыс етілді
Музейде Баукеңнің өмір жолына терең бойлауға барлық жағдай жасалған
Алматы әкімі Ерболат Досаев Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →