×

Алдағы аптада Алматыда, Жетісу мен Алматы облыстарында жер сілкінісі болуы ықтимал

Алдағы аптада болады деген болжам бар

Алдағы аптада Алматыда, Жетісу мен Алматы облыстарында жер сілкінісі болуы ықтимал
ҚР ТЖМ

Алдағы аптада Алматы қаласының, Алматы және Жетісу облыстарының аумағында шамамен 3-3,5 балды құрайтын жер дүмпулері болуы ықтимал, деп хабарлайды qaz365.kz ҚР ТЖМ Сейсмология институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 10 наурызда Сейсмология институтында сейсмикалық болжау комиссиясының кезектен тыс отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте осындай мәлімдеме жасалды.

Қазіргі уақытта Алматы болжау полигонының аумағында (Алматы қ., Алматы және Жетісу облыстары) 47 станция жұмыс істейді.

Институт базасында тұрақты болжау комиссиясы жұмыс істейді, оның құрамына төрт ғылыми зертхананың қызметкерлері мен Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның (СТӘЭ) қызметкерлері кіреді.

Брифинг қорытындысы бойынша Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев биылғы жылы Алматы болжау полигонының аумағында күшті және жойқын жер сілкінісі күтілмейтінін айтты.

"Режимдік бақылаудың кешенді станциялары желісінен күн сайын алынатын сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеодинамикалық, геохимиялық және басқа да деректерге (200 параметрге дейін) тұрақты мониторинг жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Сейсмология институты Қазақстан Республикасында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы басты ұйым болып табылады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Бүгін, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →