×

Оралды су басты: Көмек бермесе, ондай шұғыл қызметтің қажеті не - видео

Бүгін Зашағанды су басты. Біраз үйге су кірді 

Оралды су басты: Көмек бермесе, ондай шұғыл қызметтің қажеті не - видео
Qaz365.kz

Орал қаласының әкімшілік-аумақтық бөлінісінде бірнеше кент бар. Соның ең ірісі - Зашаған кентінде тұрғын саны 57 мыңнан асты. Бұл кенттің өзі 13 шағынауданнан құралған, деп хабарлайды qaz365.kz  тілшісі.

Бүгін Зашағанды су басты. Біраз үйге су кірді. Себебі: Айтқұлов көшесі мен Брусиловский көшесі аралығындағы «Арман», «Кең дала» шағынаудандарының барлық көше суы Брусиловский көшесінің бойындағы арыққа құяды. Бірақ арық жоқ көшелердің суы оған ағып жетпейді. Жайылады. Аулаларға толады. Үйлерге кіріп жатыр.

«Кең дала» және «Көктем» шағынаудандарда 20 жылдан бері 22 көшенің 14-іне асфальт салынбай келеді. Солардың бәрінде арық жоқ. Себебі арық тек асфальтпен бірге салынады. Бірақ, асфальт салғанда арық салмай кетуі әбден мүмкін. Бүгін су басқан қаланың жаңа аудандарының тұрғындары жол салса да, арық салынбағанын, құбыр салмай кеткенін айтып хабарласты.

Жалпы, «Кең дала» шағынауданынан кейін бой көтерген барлық шағынаудандарда жол салынды. Неге бұл аудан ұмытылып қалды? Әлде құжат жүзінде асфальт тұр ма? Егер солай болса, жасырмай айту қажет, ол сіздердің мойындарыңда болмайды. Қазір Жаңа Қазақстан дегендей.

«Зашағанда 13 шағын аудан, 2 елді мекен бар. Оларда 172 көше болса, 58-і ғана асфальтталған. Ұзындық өлшемімен айтсақ, 168 шақырымның 75-іне асфальт төселген. 2020-2021 жылдары 20 шақырым жол жөнделді. Нақты «Кең дала» мен «Көктемге» келсек, 22 көшенің 8-де асфальт бар. Баян сұлу және Жерұйық көшелеріне асфальт төсеуге жоба әзірленеді. Себебі бұл көшелермен автобус жүрмек. Кей көшелерге қиыршық тас-грави қоспасы төселген. Жолды жөндеу жұмыстарында солай жобаланған. Тұрғындар мұны түсінбей, қиыршық тас төсеп, асфальт төсеуді аяқтамай кетті деуі мүмкін», - дейді Зашаған кенті әкімінің орынбасары Асылжан Хайруллин. 

Оның айтуынша, ресми түрде тіркелген 57 мың тұрғыны бар Зашаған кентінің бюджеті бір көшеге толық асфальт төсеуге де жетпейді. Сонда бұл қалай?

БҚО басшысы Нариман Төреғалиұлы  және Орал қаласының әкімі Миржан Саткановтан осы мәселені бақылауға алуды сұраймыз. Жобалық-сметалық құжатнамасы дайын деген жауапты естіп келе жатқалы үш әкім ауысты. Олардың уәдесі бар ресми жауаптары қолда жиналып тұр.

«Кешеден бері 109, 112 телефондарына, су тасқынына қарсы штабқа хабарластым. Телефондарын көтермейді. Осындай көмек қажет болып жатқан кезде телефондарын алмаса, ондай шұғыл қызметтің қажеті не? Бүгін таңертең сағат 8-дерде Зашаған кентінің әкімі келіп, техника жіберемін деп уәде беріп кеткен. Әлі ештеңе жоқ. Бәрі бос сөз. Сонда кімге сенуге болады? Өзіміз тіршілігімізді жасап, әр жерден сұрастырып, помпа әкеліп, суды сорғызып жатырмыз», - дейді ашына сөйлеген «Сарытау» ауданы, Айтқұлов көшесі, 97/1 үйдің тұрғыны Руслан Милюков.

Нұрлыбек Рахманов

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →