×

«Магнум» және «Семейный» сауда желілерін бопсалаған блогерлер сотталды

Оларға 7 жылға бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындалған

«Магнум» және «Семейный» сауда желілерін бопсалаған блогерлер сотталды
Сурет:Magnum Cash&Carry

Петропавлда блогерлер «Магнум» және «Семейный» сауда желілерінің иелерін бопсалағандары үшін сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

“2025 жылдың 6 мамырында Петропавл қалалық сотының «блогерлер»-ге қатысты үкімі заңды күшіне енді. Петропавл қаласының екі тұрғыны «Magnum» және «Семейный» сауда желілерінен «рейд» деп аталатын бейнетүсірілімдерді және әлеуметтік желілерде жариялауды тоқтату үшін ақша бопсалады деп айыпталды. Олар ұялы телефондарға сауда желілерінің дүкендеріне барғандарын жазып алып, жария етілген жағдайда меншік иелерінің мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін ақпарат жинаған. Кейіннен жарияланымдар «Instagram» әлеуметтік желісінде және «Youtube» арнасында жүргізілген. Сотталғандардың кiнәсi жәбiрленушiлердiң, куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және қылмыстық iстiң басқа да материалдарымен дәлелденді”, – делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Айыптау үкiмi алқабилер алқасының қатысуымен шығарылып, екi адамға нақты мерзімі 7 жылға бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындалған.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Питер Фостер «Air Astana» басшылығынан кететін болды
Кеше, 12:31

Питер Фостер «Air Astana» басшылығынан кететін болды

. Ол «Air Astana» компаниясында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді
Алматыда қалалық жарықтандыру жүйесі жаңартылуда
Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар
Сирияда Башар Асадты режимі құлағаннан кейін алғашқы парламенттік сайлау өткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →