×

2-қабатқа дейін жеткен: Астанада салынып жатқан зәулім ғимарат маңын су басты

Құрылыс жеткілікті қаржыландырудың болмауына байланысты тоқтап қалған

2-қабатқа дейін жеткен: Астанада салынып жатқан зәулім ғимарат маңын су басты
Сурет: "Письма президенту" телеграм каналы

Әлеуметтік желілерде Астананың оңтүстік-шығыс бөлігінде салынып жатқан “ЖаңаАрқа” тұрғын үй кешенін су басқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Судың деңгейі екінші қабатқа дейін жеткен. Бұл жағдай қоғамда, әсіресе құрылысқа қаржы салған үлескерлер арасында алаңдаушылық тудырған.

“Сарайшық ауданындағы Кордай және №23-30 көшелерінің қиылысында орналасқан нысанның құрылысын “BBS Gold” ЖШС жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта құрылыс жеткілікті қаржыландырудың болмауына байланысты тоқтап тұр, сонымен қатар мерзімінен кешігу мәселелері де бар. Үлескерлерге қолдау көрсету мақсатында Астана қаласы әкімдігінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында “ЖаңаАрқа” ТК-нің проблемалық мәселелері қаралды. Зиян шеккен үлескерлердің қатысуымен “Қордай 89” тұрғын үй-құрылыс кооперативі құрылды. Құқық қорғау органдары үлескерлердің мүддесін қорғау үшін аяқталмаған құрылыс нысанына құқықтарды “Қордай 89” ТҚК-не беру туралы талап арыз берді, бұл жоба өз күштерімен аяқталуы үшін жасалды”, – делінген Астана қаласының Сапа мен қалалық ортаны бақылау басқармасы хабарламасында.

Басқарманың мәлімдеуінше, тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау мәселесі Астана қаласы әкімдігінің тұрақты бақылауында тұр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкенттегі атышулы іс: Берденовті атуға тапсырыс берілген бе?
Бүгін, 12:32

Шымкенттегі атышулы іс: Берденовті атуға тапсырыс берілген бе?

Оның айтуынша, оқиғада әкім орынбасарына оқ ату ниеті болмаған
. Ол «Air Astana» компаниясында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді
Алматыда қалалық жарықтандыру жүйесі жаңартылуда
Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →