×

"Жеңіл табыс": Алматыда орган қызметкері ретінде алаяқтық жасаған әйел ұсталды

Олар өзін мемлекеттік орган немесе банк қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған

"Жеңіл табыс": Алматыда орган қызметкері ретінде алаяқтық жасаған әйел ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда интернет-алаяқтыққа арналған SIM-карталарды белсендіру схемасы әшкереленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.   

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Алматы қаласының полицейлері интернет-алаяқтықпен байланысты жасырын сызбаны анықтап, оның жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары мессенджерлердегі аккаунттарды тіркеу және оларды үшінші тұлғаларға тапсыру үшін пайдаланылған SIM-карталар мен мобильді құрылғыларды жаппай сатып алған әйелді ұстады. Тексеру нәтижесінде белгілі болғандай, бұл схемалар алаяқтардың анонимді әрекет етуіне мүмкіндік берген. Олар өзін мемлекеттік орган немесе банк қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған. Ұсталған әйел "жеңіл табыс" туралы хабарламаға жауап беріп, сыйақы үшін жүздеген абоненттік нөмірлерді өз атына рәсімдегенін мойындады. Дәл осы нөмірлер арқылы бірнеше қылмыстық істерге қатысы бар қоңыраулар жасалғаны анықталды. - SIM-карталар, пошталар, банк және мессенджер аккаунттарымен байланысты кез келген "үйден жұмыс" ұсынатын хабарламалар – бұл жоғары қауіптілік белгісі. Адам мұндай әрекеттер арқылы өз еркінен тыс қылмыстық әрекетке араласып кетуі мүмкін. Сондықтан мұндай ұсыныстарға сақтықпен қарап, артында қандай мақсат тұрғанын терең ойлаған жөн, – деді Алматы қалалық ПД киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Қазіргі таңда полиция мұндай заңсыз схемаларды анықтау мен жою бағытында жұмыстарын жалғастыруда. Тәртіп сақшылары азаматтарды интернеттегі күмәнді әрекеттер туралы бірден құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды
Кеше, 22:15

Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды

Конституцияның қоғам дамуындағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және ел болашағы кеңінен талқыланды
Этникалық қазақтардан ресми өтініштер түспеген
7000 мА·сағ аккумулятор бір рет қуаттағанда 52 сағатқа дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →