×

Зиянкестер көші: Қызылорда облысынан шегірткелер қашып жатыр

Оқиға Арал ауданына қарасты Қарақұм, Сазды, Аққұм, Қосаман және Жіңішкеқұм ауылдық округтерінің аумағында

Зиянкестер көші: Қызылорда облысынан шегірткелер қашып жатыр
Сурет: Бейнеден кадр

Қызылорда облысында шегірткемен күрес аясында мердігер мекемелер 60 мың гектар жер зиянкестерге қарсы өңделген, деп хабарлайды Qaz365.kz. Желіде Қызылорда облысынан шегірткелердің көшіп жатқан бейнесі тараған болатын.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

“Бүгінде 10 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделіп, облыс әкімі орынбасарының басқаруымен жедел штаб құрылды. Жергілікті жерлерде мониторинг жүргізу және жұмыстарды үйлестіру үшін 279 адам жұмылдырылды.  Сондай-ақ шегірткеге қарсы күрес шаралары Арал ауданына қарасты Қарақұм, Сазды, Аққұм, Қосаман және Жіңішкеқұм ауылдық округтерінің аумағында жүргізілді. Оған 2 жеңіл авиация кемесі, 2 аса жеңіл ұшақ, 12 жерүсті техникасы, 5 дрон, 45 арқаға асылатын бүріккіш қолданылды. Мониторингке 48 маман жұмылдырылды”, – делінген АШМ хабарламасында.

Әзірге егін алқабының зақымдану жағдайлары тіркелмеген. Зиянкестерге қарсы күрес жалғасуда,

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
11.07.2025ж. 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →