×

Алматыда жасырын есірткі зертханасы жойылды

Тінту барысында аса ірі мөлшердегі 5 келіден астам а-PVP есірткі заты тәркіленген

Алматыда жасырын есірткі зертханасы жойылды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында жасырын есірткі зертханасы анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Ұсталғандар Алғабас ықшамауданында жеке үйді жалға алып, оны синтетикалық есірткі өндіретін зертханаға айналдырған. Тінту барысында аса ірі мөлшердегі 5 келіден астам а-PVP есірткі заты тәркіленді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыру барысында қылмыстық схеманың басқа да қатысушылары анықталып, ұсталды. Олар есірткі дайындаушылар, интернет-ресурс курьері және есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкеннің иесі, яғни ұйымдастырушы. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда, –  деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды
Кеше, 22:15

Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды

Конституцияның қоғам дамуындағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және ел болашағы кеңінен талқыланды
Этникалық қазақтардан ресми өтініштер түспеген
7000 мА·сағ аккумулятор бір рет қуаттағанда 52 сағатқа дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →