×

«Мұғалімді балағаттаған»: мектептен шығарылған оқушы кінәсін мойындап, кешірім сұрады

Оның денсаулығы күрт нашарлаған. 

«Мұғалімді балағаттаған»: мектептен шығарылған оқушы кінәсін мойындап, кешірім сұрады
Видеодан алынған кадр

Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 11-сынып оқушысының оқудан шығарылуы қоғамда қызу талқылануда. 23 мамырда мектеп әкімшілігі тәртіптік ереже бұзды деген себеппен жасөспірімді оқудан шығарған еді. Сол оқушының өзі видео арқылы кінәсін мойындап, кешірім беруді сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қорытынды бағалау кезінде ол телефон қолданғаны, ал мұғалім ескерту жасаған сәтте оқушы ұстазды балағаттағаны айтылған. Осыдан кейін мәселе тәртіптік кеңесте қаралып, оқушы мектептен шығарылды.

Оқушы бұл жағдайға байланысты бейнеүндеу жасап, әрекетіне өкініш білдіріп, бірнеше рет кешірім сұрағанын айтты. Ол мектепте оқуын жалғастыруға мүмкіндік беруді сұрап, қоғамдық жұмысқа немесе басқа да тәртіптік жазаға дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан өзіне қатысты жалған ақпарат тараған.

Егер маған осы мектепте оқуымды жалғастыруға мүмкіндік берілсе, тәртіптік жазаға, қоғамдық жұмыстарға баруға немесе басқа да шараларға дайынмын, — деді ол.

Жағдай ушыққаннан кейін белгілі қоғам белсендісі Аида Букаева оқушының денсаулығы күрт нашарлағанын жеткізді. Оның сөзінше, жасөспірім бірнеше күн тамақ ішпеген, жүйке жүйесі сыр беріп, тіпті жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
11.07.2025ж. 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →