Тәркіленген балық "Kazakh Osetr" ЖШС-не тапсырылды
Полицейлер 26 жастағы күдікті азаматты ұстады. Тәркіленген балық "Kazakh Osetr" ЖШС-ға тапсырылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Браконьер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ағымдағы жылдың 10 наурызында Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 29-шы шақырымында табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп "Lada 2112" маркалы күдікті автокөлікті тоқтатты.
"Автокөлікті тексеру барысында жүксалғышта жалпы салмағы 124 келі болатын 33 дана заңсыз ауланған бекіре балығы табылып, тәркіленді. Полицейлер 26 жастағы күдікті азаматты ұстады. Тәркіленген балық "Kazakh Osetr" ЖШС-не тапсырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - делінген Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.