×

«Сабақ үстінде буындырып өлтірді»: Қазығұртта 6 сынып оқушысы қайтыс болды

Оқиғаға қатысты мектептің екі қызметкері өз еркімен жұмыстан кеткен

«Сабақ үстінде буындырып өлтірді»: Қазығұртта 6 сынып оқушысы қайтыс болды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жұмысшы ауылында 6-сынып оқушысы Ұлағат Сейдулла сабақ уақытында тұншығып, қайтыс болған. Анасы Гүлмира Көшееваның сөзінше, ойын баласы сыныптасының телефонын тартып алып қашқанда, артынан келіп буындырған. Ұлағат оқиға орнында тіл тартпай қайтыс болған, деп хабарлайды  Qaz365.kz, Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиғаға қатысты мектептің екі қызметкері өз еркімен жұмыстан кеткен. Ал төрт мұғалім жұмыстан шығарылған. «Қапыда баламнан айырылып қалдым. Ал жаза ретінде жұмыстан шығарылғандар ай өтпей мектепке қайта келейін деп жатыр» дейді ашынған ана.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жұмысшы ауылында 6-сынып оқушысы Ұлағат Сейдулла 7 ақпан күні әдеттегідей сабағына кетіп, үйіне табытпен оралды. Алғашында оқушының неден, қалай қайтыс болғанын жалғызбасты анасына да айтылмаған. Мұғалімдер «қоңырау уақытында құлап қалды» дегеннен арыға бармаған.

Гүлмира Көшеева, марқұм баланың анасы: «Сап-сау балам мектепке кетеді, арқасына қарап-қарап қойып. Сосын үш сабақтан кейін  маған звандайды. «Балаңыздың мазасы болмай жатыр, жүгіріп келіп көріп кетесіз бе» деп. Барсам балам партаның үстінде, үстінің бәрі малмандай су. Аяқ киімін шешіп тастаған. Бала деген былқ-сылқ жатыр. Қоңырау кезінде құлап қалыпты, кірсек өстіп жатыр дейді. Бұған біреу тиіспесе, сап-сау бала қалай бұлай жатып қалады деп түсінбестен дәрігерге шауып кеттік. Доқтырға барсақ кетіп қалды дейді. Қалай кетіп қалады аман алып қалыңдар деп ойбайлап жатырмын ғой».

Гүлмира Көшеева жалғызбасты ана. 9 жыл бұрын күйеуі кенеттен қайтыс болып, бес баламен жалғыз қалған. Ұлағат оның сүткенжесі еді. Қолқанаты болатын. Үй тірлігіне көмектесіп, анасының жанынан қалмай, көңіліне қарайтын. Оқу үздігі еді. 12 жасына дейін бір рет болса да ауырып дәрігердің көмегіне жүгінбеген едік дейді анасы. Өзі абайсызда құлап, қайтыс болды дегенімен кейіннен ауыл ішінде сыныптасы буындырған деген сөз тараған.

Гүлмира Көшеева, марқұм баланың анасы: «Сене қоймадым енді. Шымшықтай балалар қылқындырып, ондай нәрсе істемейтін шығар деп. Қойшы, ондай қылқындырмайтын шығар деп дым сенбей. Балам деген қасындағы бала телефон алып барған, бұл алып қашқан. Арқасынан қуалап келгенде партада отырған кезде буындырған ғой. Ұзақ буындырып ұстап тұрған. Кейін бала жерге құлағанда ешкім келмеген ғой. Мұғалім сабақта болмаған, оқушылар су шашып білгендерін істей берген ғой есікті жауып алып. Бірінші медбикені шақырған. Кейін тарих пәні мұғалімі мен завучын шақырған. Ол да кешігіп келген ғой. Келгенде бала кетіп қалған».

Мына партаны алға сүріп қойған, осы жерде тұр. Менің баламды сорайтып жатқызып қойған. Үсті деген малмандай су».

Айдың күннің амандығында мектеп қабырғасында тай құлындай шауып жүрген баласынан айырылып, қара жамылған ана мектеп мұғалімдері балаларға дұрыс қарағанда мұндай қайғылы жағдай болмайтын еді деп өкінеді. Тіпті «мұғалімдер басынып, баланың өлімін өзімнен де көрді» дейді ол ашынып.

Гүлмира Көшеева, марқұм баланың анасы: «Мұғалімдер мені басынып, айтпаған сөзі қалмады. Баланың жүрегі ауру, анау-мынау, айтпаған сөзі қалмады. Эпилепсия деп те айтты. Өзі бұрыннан құлап қалатыны бар екен, талып қалатыны бар екен деп те айтты. Е, ондай жағдай өмірде болған емес деп ешкімнің алдында ақтала алмай қалдық қой. Кейін медэкспертиза … бір айдан асып шықты ғой. Шықты баланың дені сау, тап-таза еш жерінде ешқандай ауруы жоқ деді. Тек өлімнің себебі буындырған. Қатты ұстап тұрғанда тілін жұтып қойған. Менің талабым баланың өліміне себепші болғандар жазасын алсын».

Қара жамылған ана әлі күнге мектеп мұғалімдері кінәсін мойындап, кешірім сұрамағанына қынжылады. Оқиғаға байланысты тергеу жүріп, жаза ретінде 4 мұғалім жұмыстан шығарылған. Мектеп директоры мен бір мұғалім өз еркімен жұмыстан кеткен. Десе де шығарылғанына бір ай толмай 2 мұғалім, атап айтқанда сынып жетекшісі мен директордың орынбасары кәсіподаққа заңсыз жұмыстан қуылғаны жөнінде арызданып, жұмысқа қайта орналасуға келген. Мұны мектеп әкімшілігі жоққа шығармады. Ал марқұмның анасы бұған түбегейлі қарсы.

Өмірсерік Кенжеев, А.Оразбаева атындағы мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы: «Тергеудің қорытындысы бойынша біраз мұғалімдер жұмыстан шеттетілді.  Еңбек инспекциясының кешегі келген тексеруі бойынша жаңағы бұрынғы директор бұйрықты дұрыс шығармағанынан қайта қабылдауға нұсқама беріп кеткен. Оны білім бөліміне алып барып тастадық. Заңдылығын анықтап білуге».

Ұлағатты буындырып өлтірді деген сыныптасының ата-анасына айыппұл салынған. Ал бала 12 жасқа толмауына байланысты қылмыстық жауаптан босатылып, іс қысқарған. Тергеу орындары қозғалып, кейіннен жабылған іс құжаттарын таратуға не жариялауға тыйым салып, оған бағынбаған жаңдайда қылмыстық жауапқа тартылатынын ескерткен. Гүлмира Көшеева бар талабы баласының өліміне кінәлілер жазасыз қалмаса дейді.

Дилара Иса

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда енді жеке куәлікті онлайн алуға болады
Бүгін, 12:35

Қазақстанда енді жеке куәлікті онлайн алуға болады

Ол үшін  жарамдылық мерзімі аяқталғанына 10 күннен аспаса жеткілікті
Байзақ ауданының тұрғыны ҚР ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылған
Абзал Шынасылдан Шерзат Болатты жерлеу шығындары үшін 2,7 млн теңге өндіріп алу сұралды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →