×

Баласына 12,6 млн теңге қарыз болып қалған жамбылдық азамат сотталды

Байзақ ауданының тұрғыны ҚР ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылған

Баласына 12,6 млн теңге қарыз болып қалған жамбылдық азамат сотталды
Сурет: Freepik.com

Жамбыл облысында алимент төлемегені үшін борышкердің бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасы мәлімдеді.

“2024 жылдың 2 қыркүйегінде Байзақ ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды алимент төлеуден қасақана жалтарған «Н» азаматына қатысты ҚК-тің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Алимент төлеуге мүмкіндігі бар ол 7 жыл бойы өз міндеттерін орындамай, әрекетсіздік танытқан. 2018 жылдан бері берешек сомасы 12,6 млн теңгені құрады.Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 25 сәуірдегі үкімімен борышкер ҚР ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Алимент сомасы мәжбүрлі түрде өндірілетін болады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
14.07.2025ж. 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →