×

18 адам қылмыс үстінде ұсталды: Қарағандыда екі қылмыстық топ құрықталды

Тінту барысында тіркелмеген бес мылтық, оның ішінде кесілген және ойық ұңғылы карабин, травматикалық қару мен оқ-дәрілер тәркіленген

18 адам қылмыс үстінде ұсталды: Қарағандыда екі қылмыстық топ құрықталды
Сурет: Polisia.kz

Қарағанды облысында бағалы металдарды, материалдық құндылықтарды ұрлаумен айналысатын топтардың қылмыстық әрекеттеріі әшкереленіп 2 қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“14 мамырда Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүйелі түрде материалдық-техникалық құралдар мен жанар-жағармай материалдарын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстауға бағытталған арнайы операция жүргізді. Олар қорғасын-мырыш кенін өндіру және өңдеу саласындағы ірі кәсіпорыннан ұрлық жасаған. Тергеу барысында көрсетілген кәсіпорынның бірнеше қызметкері күзетшілермен сөз байласып, бірнеше ай бойы ұрлық жасап, ұрланған заттарды заңсыз қабылдау пунктіне өткізгені анықталды. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде 18 адам қылмыс үстінде ұсталды. Ұрланған жанар-жағармай мен металл бұйымдары және автотехникаға арналған қосалқы бөлшектер тәркіленді. Сондай-ақ тінту барысында тіркелмеген бес мылтық, оның ішінде кесілген және ойық ұңғылы карабин, травматикалық қару мен оқ-дәрілер тәркіленді. 21 мамырда аталған өңірдің тұрғындарынан құралған бағалы металдардың заңсыз айналымына қатысы бар тағы бір қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Тінту шаралары барысында шамамен 17 тонна мыс концентраты, кенді қайта өңдеуге арналған жабдықтар, әртүрлі құжаттар мен ақша алынды”, –  деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазіргі таңда барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар басқа да қылмыстарға қатыстылығы бойынша тексерілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады
25.07.2025ж. 09:57

Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Бұл жөнінде Ақорда ақпарат таратты
Франция Палестинаны күзде өткізілетін БҰҰ Бас Ассамблеясында мойындамақ
Ан-24 ұшағының Ресейдегі апат орны тексерілді: алдын ала мәлімет бойынша, аман қалғандар жоқ
Ол депутаттардың дәрігерлерге тап бергендерді қатаң жазалау туралы ұсынысын орындаудан үш рет бас тартқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →