×

Журналист Самал Ибраеваға жасалған шабуыл: Министрлік ресми мәлімдеме жасады

Жол беруге болмайтын киберқылмыс деп саналған

Журналист Самал Ибраеваға жасалған шабуыл: Министрлік ресми мәлімдеме жасады
Сурет: Ulysmedia.kz/Самал Ибраева

Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраева кибершабуылға ұшырады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлік “ULYS MEDIA” порталының бас редакторы Самал Ибраеваға қатысты жасалған арандатушылықты айыптап, бұл әрекетті жол беруге болмайтын киберқылмыс деп санайтынын мәлімдеді.

«Министрлік порнографияны тарататын және интимдік қызметтерді жарнамалайтын тыйым салынған ресурстарды анықтау жұмыстарын күшейтеді және оларды жедел бұғаттау үшін өз құзыреті шеңберінде барлық шараларды қабылдайды», – делінген хабарламада.

«Біз құқық бұзушылар анықталады деп сенеміз. Бұл – мемлекеттің қағидатты ұстанымы: Қазақстанда цифрлық зорлық-зомбылық пен буллингке орын жоқ», – деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әнұран мәтіні Қонаев көгінде жарқырады
Кеше, 21:40

Әнұран мәтіні Қонаев көгінде жарқырады

Дрон-шоу, 15 мың көрерменнің қатысуымен Әнұран орындалып, мерекелік концерт ұйымдастырылды
Мұндай патриоттық акциялар бір мезгілде өңірдің барлық аудан-қалаларында өткізілді
Әртүрлі салада адал еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі жоғары бағаланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →