×

Ұзақ уақыт бойы қысым көрсеткен: Ақтөбелік кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалаған

Күдікті ақшаның 2 миллион теңге көлеміндегі алғашқы бөлігін алған

Ұзақ уақыт бойы қысым көрсеткен: Ақтөбелік кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалаған
Сурет: Polisia.kz

Ақтөбеде кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ақтебе қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

“Ақтөбеде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған жергілікті тұрғынды ұстады. Ол кәсіпкерді қорқытып, одан ірі көлемдегі қаражатты талап етті деген күдікке ілінді. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті ақшаның 2 миллион теңге көлеміндегі алғашқы бөлігін алған сәтте қолға түсті. Тергеу барысында ол кәсіпкерге ұзақ уақыт бойы қысым көрсетіп, жалпы 7 миллион теңге талап еткені анықталды”, – делінген полиция ақпаратында.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жалпы баға екі әдіс бойынша алынған көрсеткіштердің арифметикалық орта мәнімен есептелді
Тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған
Kcell соңғы 20 жылдан бері абоненттерін алаяқтықтан қорғау жүйесін жүйелі дамытып келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →