Партияның түпкі мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту
«AMANAT» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандитаттар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін кандидаттар қаладағы «Жайна» сауда үйінде экспромт-кездесу өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтары, олардан күтілетін нәтижелер, басымдық берілген бағыттары туралы кеңінен насихаттады, деп хабарлайды qaz365.kz.
Экспромт-кездесуде облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айсұлу Қасымова «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қоғамның сұраныстарына орай партия атқаратын 10 негізгі міндет айқындалғанын жеткізді.
«Партияның түпкі мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту. Яғни, әлеуметтік қолдау түрлерінен бастап, ауылды дамыту, жастарды демеу, экологияны жақсарту, су, жарық, жол, интернет желісі секілді игіліктерді баршаға қолжетімді ету», - деді үміткер Айсұлу Қасымова.
Бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстарға кім жауапты, қанша қаражат қажет, ақша қайдан бөлінеді, іс-шаралардың жүзеге асырылу мерзімі қандай деген сауалдарға толыққанды жауап ұсынылған. Яғни, халықтың сұраныстарын сапалы, уақытылы қанағаттандыру мақсатындағы кешенді жұмыстарды айқындап отырған маңызды құжат. Бұл бағдарламаның облыстық, қалалық, аудандық деңгейде жасақталғаны да – әр аймақтың күрмеулі мәселелерін нақты шешу үшін әсер ететін негізгі тетік.
«Біздің партия халыққа ең жақын жүрген ұйым. Барлығы елдің ішіндегі мәселеге құлақ асып, халықтың ұсыныс-тілегін тыңдағаннан кейін жасалған біздің сайлауалды бағдарламамыз өзектілігін жоймақ емес. Бүгінде ел ішінде қарапайым тұрғындарды әлеуметтік мәселелер толғандырып отырғандығы жасырын емес. Сол үшін біз бар мүмкіндігімізді пайдаланып, тұрғындардың мәселелерін шешуге атсалысуымыз біздің мақсатымыз болып табылады», - деді кандидат Гүлнар Есқалиева.
Сауда үйіндегі эскпромт-кездесуде осындай маңызды мәселелерді қозғаған кандидаттар «AMANAT» партиясының алдағы уақытта да тұрғындардан түскен талап-тілектер аяқсыз қалмайтындарын айтып, алда өтетін сайлауға белсене қатысып, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді