×

БҚО-да су тасқыны салдарынан бір адам қаза тапты

46 жастағы екінші адам аман

БҚО-да су тасқыны салдарынан бір адам қаза тапты
Ашық дереккөздерден

Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны салдарынан бір адам опат болды. Ақпаратты qaz365.kz тілшісіне облыстық полиция департаменті растады.

12 наурыз күні кешке Шыңғырлау ауданындағы Ақтау ауылынан көршілес Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласына трактормен ​ жолға шыққан екі азамат із-түзсіз жоғалып кеткен. Олардың жоғалып кеткені жайлы 14 наурыз күні 17:17 сағатта қоңырау түскен. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, оларды іздеуге төтенше жағдай қызметкерлері түнгі 23:25-те кіріскен. Мамандар КПО компаниясының жол талғамайтын жүрдек көлігімен шыққан. Бірақ қарғын судан өте алмай, түнгі 3-те іздеуді тоқтатқан. Бүгін 39 жастағы азаматтың денесі судан табылғаны туралы ақпарат тарады. 46 жастағы екінші адам аман.

Ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты портал тілшісіне облыстық полиция департаменті растады.

"1984 жылғы ер адамның қайтыс болғаны туралы дерек Бөрлі аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Сараптама тағайындалып, оқиғаның нақты себебі анықталатын болады", - деді полиция департаментінің ресми өкілі.

Полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, марқұмның денесінде суға бату белгілері бар.

Нұрлыбек Рахманов

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан халқы атынан бүркітші Айшолпанға екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
Бүгін, 19:08

Шығыс Қазақстан халқы атынан бүркітші Айшолпанға екі бөлмелі пәтер сыйға берілді

Пәтер кілтін облыс халқы атынан бүркітші Айшолпанға Президенттің кеңесшісі Берік Уәли табыстады
Жаппай төбелеске қатысқандардың көбісі кәмелетке толмаған
Олар іргелес мемлекеттерге  10-нан астам вагон-цистерна жөнелтпек болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →