×

Қазақстанда ҰҚК жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылды

Антикор қызметі Қазақстанда жаңаша құрылды.

Қазақстанда ҰҚК жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылды
Ашық дереккөзден

2 шілде күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құрылғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа құрылым 30 маусымда Президент жарлығымен ҰҚК құрамына қосылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) негізінде құрылды, деп хабарлайды мемлекеттік орган.

ҰҚК мәліметінше, қазіргі уақытта ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құқықтық рәсімдер толық аяқталғанға дейін Антикор бұрынғы тәртіпте жұмысын жалғастыра береді.

«Осыған байланысты Комитет бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық шараларды жүргізіп жатыр. Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мұрагерлігіне қатысты рәсімдер аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы тәртіппен жұмыс істейді», – делінген ҰҚК хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →