×

Армения ресейлік телеарналарды өшіріп тастауға бекінді

Ресейлік телеарналардың Армения аумағында көрсетілуі тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы Армения парламентінің спикері Ален Симонян мәлімдеді.

Армения ресейлік телеарналарды өшіріп тастауға бекінді
Ашық дереккөзден

Армения парламентінің спикері Ален Симонян Ресей телеарналарының ел аумағында көрсетілуін тоқтату мәселесін қатаң түрде талқылау қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Менің ойымша, қазіргі жағдайда Ресей телеарналарының Армения аумағында көрсетілуін тоқтату мәселесін өте байыпты түрде талқылауымыз керек», — деді ол.

Симонянның айтуынша, егер ресейлік арналар Арменияның ішкі істеріне араласуға жол беріп отырса, онда олардың трансляциясын тоқтату орынды.

Ал бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Арменияда болып жатқан оқиғаларға Ресей араласпайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, премьер-министр Никол Пашинян мен Армян апостол шіркеуі (ААШ) арасындағы саяси қақтығыс — Арменияның ішкі мәселесі.

Еске сала кетсек, Арменияда премьер-министр Никол Пашинян мен Армян шіркеуі арасында шиеленіс күшейіп отыр. 25 маусымда құқық қорғау органдары 90-нан астам тінту жүргізіп, қару-жарақ пен әскери техника тапқан. Арменияда билікті басып алуға әрекет жасау фактісі бойынша 16 адамға қылмыстық іс қозғалды, олардың 14-і қамауға алынған.

Пашинян бұл жағдайды “олигархиялық діни топтардың төңкеріс әрекеті” деп атаған болатын.

Айта кетейік, Армения билігі ресейлік телеарналардың көрсетіліміне қатысты бұрын да сыни пікір білдірген.

2024 жылдың сәуірінде Арменияның жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі Мхитар Айрапетян Ресеймен жасалған телеарна тарату туралы келісімді біржақты бұзуға болатынын айтқан. Оның айтуынша, егер Мәскеу Ереванның жаңа талаптарына келіспесе, Армения келісімді бұза алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →