×

Елорда тұрғыны фитнес-орталықтың жалған сертификатымен 20-дан астам адамды алдаған

Елордалық тұрғын фитнес-орталыққа жалған сыйлық сертификаттарын сату арқылы алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

Елорда тұрғыны фитнес-орталықтың жалған сертификатымен 20-дан астам адамды алдаған
Ашық дереккөзден

Бұрын спорт клубтарында жаттықтырушы болып жұмыс істеген азамат заңды күші жоқ, өзі дайындаған жылдық абонемент түріндегі жалған сыйлық сертификаттарын сатып келген, деп атанған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бұл сертификаттарды нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан — 150 мың теңгеге ұсынып, олардың түпнұсқалығына сендіріп, азаматтарды шатастырған. Шын мәнінде мұндай абонементтердің құны шамамен 700 мың теңгені құрайтын.

Жәбірленушілер, фитнес-орталыққа келгенде сатып алған сертификаттарының жарамсыз екенін біліп, құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған. 

Аталған қылмыстық әрекеттен 24 адам жапа шеккен, келтірілген жалпы материалдық залал 3,5 млн теңгеден асқан. 

Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. 

Жәбірленушілерге келтірілген залал толық өтеліп, ауырлататын мән-жайлар болмауына байланысты, сот үкімімен алаяққа 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілеумен бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 

Айта кету керек, сыйлық сертификаттары мен карталар арқылы жасалатын алаяқтық фактілері бүгінгі таңда жиілеп кетті. Әсіресе онлайн-сатылымдар мен сервистердің кеңінен таралуы мұндай қылмыстардың қаупін арттыруда. Осыған байланысты, мұндай қызметтерді тек ресми сатушылар арқылы сатып алу қажет. Әйтпесе, алаяқтардың құрбаны болу қаупі жоғары. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →