×

Әлемде өздерін заң талаптарынан жоғары қоятын күштер пайда бола бастады — Тоқаев

Мемлекет басшысы Астанадағы АӨСШК штаб-пәтеріне барды.

Әлемде өздерін заң талаптарынан жоғары қоятын күштер пайда бола бастады — Тоқаев
Ақорда

Президент елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) штаб-пәтерінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Ұйымның негізгі кеңсесіндегі ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашты. Содан кейін Құрмет қарауылы ротасы АӨСШК туын көтерді.

Мемлекет басшысы жаңа штаб-пәтердегі жұмыс кабинеттерін, open space аумағын, аудармашылар кеңсесін, төрағалық залын және музей-кітапхана бөлмелерін аралап көрді.

Тоқаев қандай мәселелерді қозғады

Президент іс-шараға жиналған қауым алдында сөз сөйлеп, еліміздегі дипломатия саласының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

– Бабаларымыз ғасырлар бойы «дала дипломатиясымен» өмір сүрген. Халқымыздың мәмілегерлік дәстүрінің арқасында Ұлы далада бейбіт өмірдің ерекше үлгісі қалыптасқан. Құрмет пен сыйластық қашанда қастерлі құндылық ретінде бағаланған. Ертеден келе жатқан осы қағида – сыртқы саясатымыздың мызғымас тірегі әрі айнымас темірқазығы, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес штаб-пәтерінің ашылуын шын мәнінде елеулі тарихи уақиға ретінде атап өтті.

– Отыз жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті құру бастамасын көтерді. Бұл халықаралық қоғамдастық тарапынан тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жолында өңір елдерінің күш-жігерін біріктіру үшін дер кезінде жасалған қадам ретінде кең қолдауға ие болды. Біз әуел баста тек ынтымақтастық, өзара түсіністік пен диалог арқылы ғана бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, өсіп-өркендей алатынымызға сендік. Ұйымның сенім шараларын нығайту қағидаты қазіргі заманда аса өзекті. Азияның 90 пайызын қамтитын және әлем халқының жартысынан астамын біріктіретін АӨСШК халықаралық қатынастардың дамып келе жатқан архитектурасындағы маңызды элементке айналды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент геосаяси шиеленістің өршуі мен көпжақтылық қағидаттарының әлсіреуі өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа едәуір қауіп төндіретініне назар аударды.

– Әлем бұрын-соңды болмаған күрделі үдерістермен бетпе-бет келіп отыр. Оны байыппен зерделеп, терең түсіну қажет. Шын мәнінде, халықаралық құқықтың негіздері біртіндеп күйреп, өздерін заң талаптарынан жоғары қоятын күштер пайда бола бастады. Мұндай жағдайда барлық елдің халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысы қағидаттарын қатаң сақтап, ортақ нормаларды біржақты тәпсірлемеуі маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға ниетті.

– Менің Президент ретіндегі ұстанымым – елімізде заң мен тәртіп мызғымас қағидатқа айналуға тиіс. Жүргізілген реформалар нәтижесінде бейбіт жиналыстар туралы заң жетілдіріліп, саяси партияларды тіркеу шегі төмендетілді. Жала жабуды қылмыс санатынан шығарып, өлім жазасын алып тастадық. Аталған шаралар еліміздің демократия құндылықтарына, заң үстемдігіне әрдайым бейіл екенін көрсетеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →