×

Әзербайжан билігі бүкіл орыс мектептерін жапқалы жатыр

Бұл шаруаны ел билігі кезең-кезеңімен жүргізбек.

Әзербайжан билігі бүкіл орыс мектептерін жапқалы жатыр
Ашық дереккөзден

Әзербайжанда орыс тілді мектептер үш жыл ішінде әзербайжан тіліне көшеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жаңалыққа қатысты хабарламалар оқушылардың ата-аналары тіркелген мектептік WhatsApp-топтарға жіберілді, деп хабарлайды Oxu.Az порталы. Аталған ақпаратты елдегі мектептердің бірінде РБК агенттігіне де растаған.

Басылымның мәліметінше, алдағы үш жыл ішінде орыс тілінде оқытатын мектептер әзербайжан тіліне толық көшуі тиіс. Осыған байланысты мұғалімдер үшін қайта даярлау курстары ұйымдастырылады.

Бұл шешімнің мақсаты — әзербайжан тілінің білім беру саласындағы негізгі тіл ретіндегі орнын нығайту және барлық азаматтарды бірыңғай білім беру кеңістігіне біріктіру екені атап өтілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →