×

Қазақстанда балмұздаққа сұраныс күрт өсті: жетпегенін Италиядан тасып жатыр

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Қазақстанда балмұздаққа сұраныс күрт өсті: жетпегенін Италиядан тасып жатыр
Ашық дереккөзден

Сондай-ақ 2025 жылдың төрт айында елімізге 3 мың тонна балмұздақ импортталды, сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы - 15,4%, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Балмұздақ әкелінетін елдердің алғашқы үштігіне Ресей (1,5 мың. Т), Қырғызстан (1 мың. Т) және Түркия (0,3 мың. Т) кіріп отыр. Сонымен қатар балмұздақ Өзбекстан, Швейцария, Беларус және Италия елдерінен әкелінген.

Аталған төрт айда балмұздақ экспорты 41,6% өсіп, 4,3 мың тоннаны құрады. Өнім негізінен ТМД елдері мен Қытайға жіберілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →