×

Алматыда бойжеткен полицейді көлігімен сүйреп әкетті

Жүргізуші айыппұлмен құтылды

Алматыда бойжеткен полицейді көлігімен сүйреп әкетті
Скриншот

Оқиға түнде Алматы әуежайының маңында орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, тәртіп сақшысы жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатқан. Алайда көлік жүргізушісі — бойжеткен — заң талабына бағынбай, құжаттарын көрсетуден бас тартқан. Ол қашып кетуге әрекеттеніп, көлігін жүргізіп кеткен. Инспектор автокөлікті тоқтатуға тырысқанымен, жүргізуші оны бірнеше метрге дейін көлігімен сүйреп әкеткен.

Полиция қызметкерлері бірден шара қолданып, жол ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге 117 960 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →