×

БҚО-да украиналық дрондар ұшты: Лавров мәлімдеме жасады

Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.

БҚО-да украиналық дрондар ұшты: Лавров мәлімдеме жасады
ҚР СІМ

19 және 20 маусым күндері Батыс Қазақстан облысының аумағында ондаған ұшқышсыз ұшақ аппаратының ұшқаны тіркелді. Бұл туралы ресми дереккөздерге сілтеме жасаған бірқатар БАҚ хабарлады. Ресей тарапының мәліметінше, бұл – украиналық дрондар, оларды Ресей аумағындағы нысандарға соққы беру мақсатында пайдаланылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Бұл мәселе Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу арасындағы екіжақты кездесуде де талқыланған.

Біз бұл тақырыпты қозғадық. Қауіпсіздік және әскери саладағы тиісті құрылымдар бұл мәселе бойынша өзара байланыста екені айтылды. Қазақстандық әріптестеріміз Украина тарапымен өзара әңгімелесу барысында мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді, – деді Лавров журналистерге берген сұхбатында.

Қазіргі уақытта Қазақстан тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Бұл жағдай екі елдің арнайы қызметтерінің бақылауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →